Меморандумның негізгі мақсаты қаржы орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен білім алу жəне зерттеу жобаларын жүзеге асыру.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-ның əлемдік талаптарға сай қаржы орталығына айналуы үшін халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау аса маңызды.
Айта кету керек, Цинхуа университеті – Қытайдағы 1911 жылы құрылған ең негізгі университеттің бірі. Осы елдегі ең негізгі 9 элиталық оқу орындарының қатарына енеді. Үнемі ұлттық рейтингтің алғашқы орындарына ие болады.
«Егемен-ақпарат»